Облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Медеуовтің мәлімдеуінше, бүгінде Түркістан облысында 8 туристік нысан пайдалануға берілген. Ал 2021 жылдың I жарты жылдығының қорытындысы бойынша, орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 1 миллиард 787 миллион 125 мың 300 теңгені құрапты.
Биыл Түркістанды миллионнан астам адам тамашалаған
Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Түркістан қаласына келушілер саны 1 247 265 адамды құрап, 2020 жылға қарағанда 5,5 есе өскен, деп хабарлады Elorda.info.
