00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

40 млн теңгенің алтынын сатып, жаңа көлік алған ұры ұсталды

24.02.2023 | 17:57
Елорда ақпарат
33

«11 қыркүйекте Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Қаскелең қаласының 54 жастағы тұрғыны ұрлық жасалғаны туралы арыз түсірді. Ол ломбардтан жалпы құны 40 миллион теңгенің зергерлік бұйымдары ұрланғанын айтты. Жәбірленушнің сөзінше, ұры ішке қабырғаны бұзып кірген»,- деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген. Арнайы ұйымдастырылған жедел-іздестіру шарасы барысында жергілікті ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 36 жастағы күдіктіні анықтады. Ол – Екібастұз қаласының тумасы. Жалдамалы пәтерлерде тұрып, мекенжайын жиі ауыстырған.

«Алматыда арнайы жасақ сарбаздарының қатысуымен жүргізілген операция барысында 6 қараша күні күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам ұрлық жасағанын мойындады. Ол ломбардқа дабылды өшіріп, арнайы құрылғының көмегімен қабырғаны бұзып кіргенін айтты»,- деп атап өтті ведомстводан.

Күдікті ұрланған зергерлік бұйымдарды алыпсатарларға өткізген. Түскен ақшаға әйелінің кепілде тұрған көлігін шығарып, өзіне су жаңа қымбат көлік сатып алыпты.

Барлық жаңалықтар