00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Дубайдағы ЕХРO-да Қазақстан павильонын 207 мың адам тамашалап үлгерді

24.02.2023 | 17:35
Елорда ақпарат
40

ЕХРО-ның орталығында серуендеп жүрсеңіз, Қазақстанның павильонын жазбай танисыз. Ондағы негізгі павильондардың ішінен біздің аңшаңқан павильон жарқырап, бірден көзге түседі. Екіншіден, алыстан сыңсып жеткен қазақтың әні мен күйі еріксіз елітеді.

Жалпы, 600 футбол алаңын елестетсеңіз, 3 аумаққа бөлінген көрме осынша аумақты алып жатыр. Соның бірі «Мүмкіндіктер» деп аталатын кластерде Қазақстанның павильоны орналасқан. Ұлттық павильонмен қоңсылас Біріккен Араб Әмірліктерінің, АҚШ, Жапония, Қытай мен Италия сынды біраз елдің ғимараттары жайғасыпты.

Біздің павильонның іші заманауи технологиялармен толық жабдықталған. «Vision Machine» инсталляциясында агроөнеркәсіп, қоршаған ортаны қорғау, аэроғарыш өнеркәсібі сынды салалардағы Қазақстанның әлеуеті көрсетіледі. Сондай-ақ Ұлы даланың бай тарихымен, мәдениетімен, дәстүрімен бір мезетте танысуға болады. Меймандардың дені «Алтын адам» экспозициясына көп аялдайды. Қазақстанның табиғи ресурстары да көпшілік үшін қызық. Сирек кездесетін минералдардың үлгілері қойылған.

БАӘ 7 миллиард доллардан астам қаражат жұмсап, ұйымдастырған көрмені 25 миллионға жуық адам тамашалайды деген болжам бар. Ал Қазақстан павильонын бір күннің ішінде 7-8 мың адам аралап шығады. Демалыс күндері келушілердің саны одан да көп.

Барлық жаңалықтар