00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстандықтардың бағалы қағазға қызығушылығы өсіп жатыр

24.02.2023 | 16:30
Елорда ақпарат
33

Finprom.kz дерегіне сүйенсек, қазақстандықтардың бағалы қағаздар нарығына қызығушылығы шапшаң өсіп жатыр. Мысалы, биыл 1 қазандағы жағдай бойынша ҚР Бағалы қағаздар орталық депозитарийінде жеке тұлғалар ашқан 196,6 мың есепшот тіркелген. Жыл басынан бері олардың саны 52,1%-ға артты. Яғни бұл дегеніміз – тұрғындардың 2,2%-ы бағалы қағаздар нарығындағы операцияларда жұмыс істеп келеді немесе жұмыс істеуге әзір деген сөз.

Жеке тұлғалар үшін бұл саладағы танымал құралдардың бірі – үлестік инвестициялық қорлар. Бұл қор клиенттерінің ақшасы басқарушы компанияның сенімді басқаруына жіберіледі.

Басқарушы компанияны таңдарда абай болған жөн: бүгінде Қазақстанда қаржылық реттеуіштен лицензия алмаған, тіпті жай ғана қаржылық пирамидалар болып саналатын компаниялар көп. Мәселен, 7 қазан күні Қаржылық нарықты реттеу және абсқару жөніндегі агенттік заңсыз қызмет етіп жүрген компаниялар тізімін жариялады. Бұл тізімге 121 субъект кірген, оның ішінде қаржылық пирамида сипаты бар 56 ұйым мен 65 заңсыз инвестициялық делдал бар.

Қазіргі таңда еліміздегі ірі үлестік инвестициялық қорлар ретінде Halyk Finance, BCC Invest және Jusan Invest компанияларын айтуға болады.

Барлық жаңалықтар