00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елімізде 135,2 мың кәсіпкерлік субъект Ashyq жобасына қосылған

24.02.2023 | 16:23
Елорда ақпарат
37

Екі апта сайын Ashyq жобасына қатысушылар арасында ведомствоаралық комиссияның шешімімен лидерлер мен аудсайдерлер анықталады. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында – 273 лидер және 4,8 мың аутсайдер, Алматы қаласында – 479 лидер және 8,9 мың аутсайдер, Түркістан облысында 37 лидер және 4,6 мың аутсайдер анықталған.

Соңғы жеті ай ішінде карантин режимін 105 мың қазақстандық бұзған. Ashyq қосымшасы арқылы карантин режимін бұзушылар 2021  жылғы 12 сәуірден бастап тіркелңп жатыр.

Жеті ай ішінде «қызыл» статуспен 77,8 мың адам, «сары» статуспен 27,5 мың адам анықталды.

Айта кетсек, «Ashyq» – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.

Егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса оған «қызыл» түс беріледі. Осы статус иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.

Науқас адаммен байланыста болғандарға «сары» түс беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.

«Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.

«Жасыл» түсті статус иелеріне жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.

Барлық жаңалықтар