00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Шетелдік вакцина енді ақылы болады

24.02.2023 | 16:16
Елорда ақпарат
31

Министрдің Facebook-тегі аккаунтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2022 жылдан бастап ревакцинация Қазақстанда өндірілген вакциналармен жүргізіледі.

"Келер жылы қазақстандықтарға ревакцинация және жоспарлы вакцинация үшін QazVac пен Спутник V қана қолжетімді бола ма?" деген журналистің сұрағын министр: 

"Қазақстанда басқа елдерден тәуелсіз клиникалық жағынан тиімділігі дәлелденген өз вакцинамызды шығара аламыз деп болжап отырмыз. Біз бұл вакцинаны тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында сатып аламыз. Қалған вакциналар тұмауға қарсы вакцина сияқты нарықта коммерциялық айналымға жіберіледі. Қазір компанияларды Қазақстан нарығына вакцина жеткізіп, өз қызметтерін ұсынуға үгіттеп жатырмыз. Қосымша ақылы негізде болады, қазір компаниялар бұл істі пысықтап жатыр", – деп жауап берді.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау министрі елде алғашқы вакцинация кезінде алынған препараттармен қайта вакцинациялауға рұқсат етілгенін, бірақ бұл "Спутник V" вакцинасына қатысты емес екенін айтқан болатын. "Спутник V" алған қазақстандықтар "Спутник Лайт" препаратын қайта ала алады.

Коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын аяқтаған соң 6-9 айдан кейін қосымша доза алу ұсынылады. Соның ішінде:

  • векторлық (Спутник) екпелермен вакцинациялаған тұлғалар белсенді емес (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе М-РНК вакцинасымен (Pfizer) 9 айдан кейін;
  • белсенді емес (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакцинаны алған тұлғалар векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) 6 айдан кейін;
  • М-РНК (Pfizer) вакцинасын алған тұлғалар 6 айдан кейін белсенді емес (Sinopharm, CoronaVac, Hayat - Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинамен;
  • вакцинацияның аяқталған курсынан кейін КВИ-мен ауырған адамдар сауыққаннан кейін үш айдан соң ревакцинация ала алады.
Барлық жаңалықтар