00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада 13 363 нысан «Ashyq» жобасына қатысып жатыр

24.02.2023 | 16:01
Елорда ақпарат
43

«Биылғы 26 ақпан мен 6 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» жобасына 13 363 нысан тіркелді, оның ішінде 1 904 қатысушы және 11 459 ерікті қатысушы (кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік органдар, білім беру, денсаулық сақтау нысандары, өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорындар және т.б.) бар. «Ashyq көшбасшысы» мәртебесі бар 294 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген», – деді А. Оралов.

Оның айтуынша, мониторингтік топтар 20 мамырдан бастап «Ashyq» қатысушыларының 15 725 нысанын тексерді. 574 нысанда шектеу шараларын, оның ішінде карантинді бұзу фактілері анықталған.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес шеңберінде осы жүйені ШОБ объектілерінде, мемлекеттік мекемелер мен білім беру жүйесіне енгізу жалғасуда», – деді елорда әкімінің орынбасары.

Барлық жаңалықтар