00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Биыл Қазақстанда қанша ломбард шығынға батты

24.02.2023 | 14:50
Елорда ақпарат
34

Алты айда ел ішіндегі ломбардтардың жалпы шығыны 46,2 млрд теңгені құрады, оның 16,2 млрд теңгесі – операциялық шығын. Ломбардтардан түскен корпоративтік табыс салығының жиынтық көлемі 2,8 млрд теңге болды.

Корпоративтік табыс салығын төлегенге дейінгі таза кіріс алғашқы жартыжылдықта 21,8 млрд теңгені құрады.

Қазақстандағы 594 ломбардтың бөлінбеген кірісі биыл алғашқы алты айда 17,9 млрд теңгеден аса сомаға жетті. Алайда бұл ломбардтардың 116-сы жалпы сомасы 656,8 млн теңгені құрайтын өтелмеген шығынға батты.

Үздік 20 ломбардтың бөлінбеген кіріс көлемі жиынтығы 14,9 млрд теңгені құрады.

Бөлінбеген кіріс көлемі бойынша «М-Ломбард» өзгелерден оқ бойы озық тұр (4,2 млрд тг). Одан кейінгі орындарда «МК-Ломбард» (2,5 млрд тг) пен «Астра-Ломбард» (1,7 млрд тг) келеді.

Барлық жаңалықтар