00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қызылшаға 37 мыңнан астам зерттеу жүргізілді

15.12.2023 | 14:00
51
Фото: ашық дереккөзден

Биыл Ұлттық сараптама орталығының (ҰСО) зертханаларында қызылшаға 37 506 зерттеу жүргізілді, деп хабарлады Elorda.info ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

14 желтоқсандағы жағдай бойынша 21 300 оң нәтиже анықталды. Бұл 2022 жылғы жалпы саннан асып түсті.Оң нәтижелердің ең көп саны Алматы (3 345), Шымкент (2 921) қалаларында, сондай-ақ Алматы (2 645), Жамбыл (1 959), Маңғыстау (1 944), Қызылорда         (1 668), Атырау (1 609) облыстарында анықталды.Бүгінгі күнде ҰСО-ның барлық зертханалары қызылшаны жедел анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық тест-жүйелермен қамтамасыз етілген, - деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, қызылшаның алдын алу – бұл бірінші кезекте вакцинация. Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы вакцина 12-15 айлық және 6 жастағы балаларға салынады. 

6 қарашадан бастап қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан, 6-11 айлық, 2-4 жастағы балаларға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау басталды.

Барлық жаңалықтар