00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Министр балаларды қызылшаға қарсы вакциналауға шақырды

09.11.2023 | 06:30
59
Фото: дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният барлық ата-аналарға балаларын қызылшаға қарсы уақтылы вакцинациялауға шақырды, деп хабарлады Elorda.info

Бүгін немерем екеуміз әлемнің көптеген елдеріндегідей біздің еліміздегі қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қызылшаға қарсы екпе алу үшін қалалық емханаға келдік. Сонымен қатар, Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы қыркүйек айынан бастап байқалды, балалар ұзақ уақыт жабық үй-жайларда өткізетін мектепке барды, - деді министр Астана қаласының №9 емханасында.

Ол бұл инфекцияның әсіресе жұқпалы екенін, жөтелгенде, түшкіргенде ауа тамшылары арқылы тез берілетінін атап өтті.

Соңғы екі айда бұл аурудың күрт өскенін көріп отырмыз. 13 мыңнан астам адам ауырып қалды, оның 83%-ын негізінен 5 жасқа дейінгі балалар құрады, егілмеген ересектер де бар, - деді А.Ғиният.

Бұл жағдайда науқастардың 70%-ы егілмеген балалар.  

Олардың көпшілігі, яғни 60%-ы вакцинациялаудан бас тартуға байланысты егілмегендер, медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты 18% – егілмегендер, 22% – егу жасына жетпегендер. Бүгінгі таңда барлығы 2 013 бала, оның ішінде 30 бала ауыр жағдайда емдеуге жатқызылды, - деді министр.

А.Ғинияттың айтуынша, қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуі аясында қосымша иммундау жүргізу туралы шешім қабылданды. Ол қаңтар айының соңына дейін созылады, вакцина жеткілікті.

Қызылшаға қарсы профилактикалық екпесі жоқ балаларды егеміз, инфекция ошақтарында екпе алмаған байланыста болғандарды егеміз. Баршаңызды аурудан сақтану үшін емханаға шақырамыз, - деді министр.

Барлық жаңалықтар