00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

МӘМС: 2024 жылға қазір сақтандырылу үнемді екенін білесіз бе?

22.12.2023 | 08:00
78
Фото: ашық дереккөз

«МӘМС жүйесінде әлі сақтандырылмаған азаматтар бұл мүмкіндікті жіберіп алмағандары дұрыс. Олар 2023 жылдың желтоқсан айының соңына дейін 12 айға алдын ала жарна төлей отырып, жаңа жылдағы жарна сомасына қарағанда 9 000 теңге аз төлейді, деп хабарлады, Elorda.info  

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалының өкілдері осындай мәлімдеме жасады.

2023 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 70 000 теңгені құрады, яғни дербес төлеушілер ай сайын 3 500 теңге жарна төлейді (1 ЕТЖ-ның 5%) - немесе жылына 42 000 теңге. Банктер осы соманы ағымдағы жылдың соңына дейін алдағы 12 айға жарна ретінде қабылдайды. 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 000 теңгеге дейін өсетіндіктен, бұл төлемнің сомасы 51 000 теңгеге дейін көбейеді.

 Сақтандыру мәртебесін алу үшін өткен немесе алдағы 12 айға төлем болуы керек. Екінші жағдайда төлеушілер алдағы жылға мәртебе алады. Яғни, қазір алдағы бір жылға сақтандырылу үшін 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығына жарна төлеп шығу керек. 

Осылайша, 2023 жылдың желтоқсан айында сақтандырылған мәртебесін алған дербес төлеушілер 9 000 теңге үнемдей алады. Қазақстандықтар үшін МӘМС жарналары мен аударымдарының мөлшері туралы толығырақ мына жерден біле аласыз.

Ал, медициналық сақтандыру мәртебесін тексеру жолдары төменде көрсетілген:

•         Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

•         fms.kz ресми сайты

•         Telegram-дағы @SaqtandyrýBot

•         1414 байланыс орталығы

•         Damumed мобильді қосымшасы

•         Halyk мобильді қосымшасы

•         BCC.KZ мобильді қосымшасы

•         Kaspi.kz мобильді қосымшасы

•         egov.kz электронды үкімет сайты – «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы.

Барлық жаңалықтар