00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде дәрі-дәрмек қымбаттады

13.09.2023 | 13:00
92
фото: egemen.kz

Биыл тамыздың соңында Қазақстанда фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір айда 0,3%-ға, бір жылда 9,8%-ға өсті, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Сарапшылар мәліметінше қаңтар–шілде айларында негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі бір жыл бұрынғы 90,7 млрд теңгемен салыстырғанда 86,7 млрд теңгені құрады. 

Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі Шымкентке тиесілі. Бір жыл бұрынғы өнім көлемі 32,7 млрд теңге болса, биылғы өнім көлемі 26,9 млрд теңге. Екінші және үшінші орында Алматы облысы және Алматы қалалары тұр.

Биыл Қазақстан 694,2 млн АҚШ долларына 13,9 мың тонна дәрі-дәрмек импорттады. Физикалық мәнде өсім 11,9%-ға, ақшалай керісінше, 3,7%-ға төмендеген.

Қазақстанға ТМД елдерінен 62,7 млн АҚШ долларына 4 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Ең көп Ресейден әкелінді: 2,9 мың тонна, былтырғыдан 14,7% аз. Негізгі бес жеткізушілердің қатарына Беларусь, Украина, Өзбекстан және Молдова кірді.

Барлық жаңалықтар