00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Астаналықтар МӘМС өкілдерімен кездеседі

08.08.2023 | 06:30
66

Нұра ауданының әкімдігінде тұрғындармен медициналық сақтандыру мәселелері бойынша кездесу өткізіледі, деп хабарлады Elorda.info

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері астаналықтарға атқарылған жұмыстар туралы айтып, өзекті мәселелер бойынша кеңес береді.

Кездесу 9 тамызда сағат 15:00-де Қабанбай батыр даңғылы, 33 мекенжайы бойынша өтеді (Нұра ауданы әкімдігінің ғимараты). Кездесуге әрбір астаналық қатыса алады. 

Айта кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі елдегі барлық сақтандырылған азаматтарға жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жері мен табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділікке кепілдік береді. 

Барлық жаңалықтар