00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада МӘМС бойынша биыл 172 медициналық ұйым қызмет көрсетті

23.11.2023 | 10:45
79
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Астана қаласы бойынша МӘМС жүйесінің жүзеге асырылуы туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Ербол Бекмұхамбетов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Марат Хавсемет, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Сандуғаш Болысбекова брифинг өткізді деп хабарлады Elorda.info

 Қор Астана қаласы бойынша 2023 жылға жоспарланған  медициналық көмек көлемі бойынша өтінім берген 172 медицина ұйымымен келісімшарт жасады, олардың ішінде, жекеменшік ұйымдар - 133 (77%), мемлекеттік медицина ұйымдары - 39 (23%). 2023 жылы жаңадан қосылған медициналық қызмет жеткізушілер саны - 55.

Спикерлердің айтуынша, консультативтік-диагностикалық қызметтер бойынша Астана қаласында биылғы жылы амбулаториялық-емханалық жағдайдағы консультациялық-диагностикалық қызметтерді қаржыландыруға 26,9 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемінде 3,4 млрд. теңге, МӘМС жүйесі бойынша 23,5 млрд. теңге. Жылдың басынан консультативтік-диагностикалық қызмет көрсеткені үшін елорда медицина ұйымдарына 19,1 млрд. теңгеге жуық қаржы төленген. 2023 жылдың 9 айында - 7 901 462 консультативтік-диагностикалық қызмет көрсетілген. Олардың ішінде КТ және МРТ түсіру қызметтері сұранысқа ие күйінде қалып отыр. 

Жыл басынан бері шығыстардың басым бөлігі - 65,5 млрд. теңгеден астам қаражат стационарлық медициналық көмекке ақы төлеуге жұмсалыпты, ал 6,7 млрд. теңгеге жуық сома күндізгі стационар қызметтерін төлеуге бағытталған. 

Жоғары технологиялы медициналық көмек бойынша биылғы жылдың басынан бастап Астана қаласында МӘМС есебінен 23,3 млрд.теңгеден астам сомаға жоғары технологиялық медициналық қызметтер бойынша 14 315 ота жасалған. Оның ішінде ТМККК аясында 3,5 млрд. теңгеден астам сомаға 8 171 ота және МӘМС жүйесінде 19,8 млрд. теңгеден астам сомаға 6 144 ота жасалыпты. Мысалы, 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Астана қаласы бойынша 10,3 млрд. теңге сомасына 1568 кардиохирургиялық операция, 3,9 млрд. теңге сомасына 1005 нейрохирургиялық операция жасалды. 123 ЛОР бейіні бойынша 887,5 млн. теңге сомасына манипуляциялар жүргізілген. Сондай-ақ, есепті кезеңде елорда стационарларында 1,6 млрд. теңге сомасына 286 тамырға және нейроваскулярлық операциялар және 2,6 млрд.теңге сомасына 1775 трансплантация жасалды. 

Жыл басынан бері стационарда 115 403 пациент 141,2 млрд. теңге сомасына емделген, оның ішінде ТМККК шеңберінде 42,4 млрд. теңге сомасына 95 316 адам, МӘМС жүйесінде 84,4 млрд. теңге сомасына 222 233 адам ем алған. Астана қаласы бойынша 2023 жылдың 10 айында амбулаториялық-емханалық көмек бойынша 52,7 млрд. теңге сомасына шамамен 21,3 млн. медициналық қызмет көрсетілді.

Оңалту шараларына келсек,  Қорының Астана қаласы бойынша филиалы 2023 жылы оңалту қызметтерін көрсететін 66 медицина ұйымымен келісімшарт жасады. Олардың: 23 - мемлекеттік, 40 - жекеменшік, 3- республикалық медицина ұйым. 2023 жылы оңалту қызметіне бөлінген қаржы 9,2 млрд теңгені құрайды. 2023 жылдың 9 айында Астана қаласы бойынша МӘМС жүйесінде шамамен 6,5 млрд.теңге сомасына 1 064 291 медициналық оңалту қызметі көрсетілді.

Стоматологиялық көмек бойынша биыл 876 437 қызметке 2,5 млрд теңге жұмсау жоспарланған. Астана бойынша 57 медициналық ұйым стоматологиялық қызмет көрсетеді, оның 15 мемлекеттік, қалғаны жекеменшік емханалар. Жыл басынан бастап  елорда бойынша МӘМС жүйесінде 1,5 млрд. теңге сомасына 427 267 стоматологиялық қызмет көрсетілген.

Айта кетерлігі, жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көрсетіледі. Ал шұғыл стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, балалық шақтан мүмкіндігі шектеулі жандар мен оларды күтушілерге, көп балалы аналарға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетіледі.   .

2023 жылдың 10 айында Астана қаласы бойынша 14,8 млрд. теңге сомасына 858 999 тегін рецепт бойынша 194 603 пациент дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді. Оның ішінде ТМККК - 14,07 млрд.теңге сомасына 814 064 тегін рецепт бойынша 175 891 пациент, МӘМС жүйесі есебінен - 626,3 млн. теңге сомасына 27 928 тегін рецепт бойынша 16 419 ересек пациент, сондай-ақ 155, 3 млн. теңгеге 17 007 тегін рецепт бойынша 12 147 бала дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілген.

 Филиал 2023 жылдың 10 айында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 2 млрд.теңгеден астам сомаға медициналық қызмет көрсету барысындағы бұрмалаушылықтарды анықтады. Оның ішінде 1,3 млрд.теңге сомасына - МӘМС жүйесінде, 800 млн. теңге сомасына - ТМККК шеңберінде. Проактивті мониторингтің 2-кезеңінің нәтижелері бойынша 9 медициналық ұйыммен жасалған шарт бұзылды. Жүргізілген мониторингтер шеңберінде 41 млн. теңгеден астам сомаға қызметтерді сатып алу шарты талаптарының тиісінше орындалмағаны анықталды.

Қордың Астана қаласы бойынша филиалы 2023 жылдың 10 айында тұрғындардан түскен 3975 өтінішті қарады. 2022 жылдың ұқсас кезеңінде 3523 өтініш түскен. Пациенттердің шағымдары бойынша жоспардан тыс 191 мониторинг жасалды, оның ішінде 84 шағым расталды және оның нәтижелері бойынша экономикалық ықпал ету шаралары қолданылды.

Барлық жаңалықтар