00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада 7000-нан астам дәрігер қызылшаға қарсы екпе алды

26.01.2024 | 10:30
39
Фото: avestnik.kz

Қалада 7321 медицина қызметкері қызылшаға қарсы екпе алды. Бұл туралы Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлады Elorda.info.

2023 жылы 6 қарашадан бастап осы уақытқа дейін қосымша жаппай иммундауға жататын контингенттің, яғни 121 000 адамның 81 921 адам егілді. Бұл 67,7 пайызды құрайды. Оның ішінде 6 айдан 10 ай 29 күндік  вакцинациялауға жататын 24 000 баланың  11 955-і немесе 49,8 пайызы және 2-4 жастағы вакцинациялауға жататын 78 000 баланың 50 309-ы немесе 64,5 пайызы екпе алды, - деді Сархат Бейсенова. 

Сондай-ақ қаңтар айынан бастап ата-анасы вацинациядан бас тартқан 4529 баланың 995 бала немесе 22 пайызы екпе алды. 

Барлық жаңалықтар