00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Бүгін – дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні

31.03.2023 | 20:43
Елорда ақпарат
80

1 желтоқсан  Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, Астана қаласының өзін де ғана 10 ай ішінде 305 адамнан індет анықталған. Мамандардың айтуынша, жыл сайын өсім байқалып отырады.

Айта кету керек, адамның иммун тапшылығының вирусы – бұл СПИД-тың бастапқы түрі болып есептеледі. Оны одан бетер асқындырып алмау аса маңызды. ВИЧ инфекциясымен толыққанды өмір сүруге де, отбасы құрып, бала сүюге де болады. Ол жайында толығырақ келесі бейнематериалда.

Сәуле 2006 жылы тұрмыс құрып, арада екі жыл өткенде қызды болады. Алайда артынша бала сүйген ананың қуанышы су сепкендей басылады. Сәуленің қанынан ВИЧ инфекциясы анықталған.

Күйеуім сол статуста болған. Бірақ дәрі ішпеген. Дәрі ішпегенінің кесірінен маған жұқтырды. Ол маған айтпаған. Сол мен босанғаннан кейін ғана білдім. Баламның дені сау. ВИЧ статусы жоқ, - деді Астана қаласының тұрғыны Сәуле.

Содан бері Сәуле тұрақты түрде тиісті ем-дом шараларын қабылдап тұрады. Тіпті осындай індетке шалдыққандарға көмек көрсетіп, волонтерлік қызметті те атқарып жүр. Айтуынша, біздің қоғам әлі де болса ВИЧ жұқтырғандарды қабылдауға толыққанды дайын емес.

Ашық бетпен халықтың алдына шығуға әлі дайын емеспін. Өйткені бізде менталитет бөлек. Қабылдай қоймайды. Өйткені жаңадан білген қаншама кісілерді көріп жүрмін. ВИЧ деген кезде бір өмірінде жазылмайтын, тек қана өлім елестейтін сондай ауру деп қабылдайды, - деді Астана қаласының тұрғыны Сәуле.

ВИЧ инфекциясымен толыққанды өмір сүруге де, отбасы құрып, бала сүюге де болады. Тек дәрігерлер жазып берген дәрілерді үздіксіз қабылдап отыру маңызды. Бұған Сәуле секілді талай жан дәлел бола алады.

Пациент тиісті терапияны қабылдаған кезде инфекцияның таралуын тежейді. Яғни, отбасы құрған ерлі-зайыптылар бала тууды жоспарлай алады. Ал ВИЧ инфекциясы бар адамдар тиісті препараттарды қабылдап, денсаулығын күтіп ұстаса – бала ешбір аурусыз, сап-сау болып дүниеге келеді, - деді ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бөлім меңгерушісі Әлия Серғалиева.

Дәрігерлердің айтуынша, бұрындары ВИЧ инфекциясы негізінен нашақорлардың арасынан көптеп табылатын. Қазір науқастардың саны біршама өскен. 

Осы биылғы жылы 10 айлықта 305 адам тіркеліп тұр. Жалпы жылына 300-320 адам анықталып тұратын. Аз ғана өсім бар. Оның себептері көп. Салыстырмалы түрде алғанда былтырғы 10 айда 276699 адам зерттеуден өтсе, биылғы 10 айда 32352 адам тесттен өткен, - деді ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының психотерапевт-дәрігері Ақтоты Ережеп.

Айта кету керек, ВИЧ пен СПИД-ті ажырата білу аса маңызды. Алғашқысы аурудың жеңіл, бастапқы түрі болса, екіншісі асқынғаны болып табылады. Яғни, бұл адам ағзасының маңызды бөліктері зардап шеккенін айғақтайды.

Барлық жаңалықтар