00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордада есту қабілеті нашар 6 жасар балаға бірегей ота жасалды

25.02.2023 | 12:48
Елорда ақпарат
18

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елордалық филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, ота №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында жасалған. Кохлеарлық имплантация бойынша бірегей операцияның құны – 6,6 млн теңге. Ота МӘМС жүйесінде жасалған, жоғары технологиялық медициналық қызметтерге жатады.

Кохлеарлық имплантация (егер есту қабілетін басқа әдістермен қалпына келтіру мүмкін болмаса) әсіресе балалар үшін өте маңызды, өйткені ол балаларға анасының және айналасындағы әлемнің дауысын естуге ғана емес, сонымен қатар сөйлеуді үйренуге мүмкіндік береді.

№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы оториноларингология бөлімінің меңгерушісі Арман Әбілевтің жетекшілігімен дәрігерлер бригадасы аймақтан келген 6 жасар балаға МӘМС жүйесінде бірегей ота жасады.

Айта кету керек, аурухананың оториноларингология бөлімі Нұр-Сұлтан қаласының балаларына тәулік бойы жоспарлы және шұғыл көмек көрсетеді және жақын маңдағы аудандарда тұратын балаларға шұғыл көмек көрсетеді.

Жалпы, кохлеарлық имплантацияның өзі – айтарлықтай ауқымды процедура. Біз мұндай оталарды бір жастан асқан балаларға жасаймыз. Мысалы, шетелде кохлеарлы имплант жасататындардың негізгі бөлігін кәрілік салдарынан есту қабілетінен айырылған егде жастағы науқастар құрайды. Бірақ Қазақстанда кохлеарлық имплантацияның негізгі контингенті – балалар. Ересектерге өте аз квота беріледі. Ең бастысы, балаға жас кезінде ота жасау. Себебі, бала дыбыс арқылы ақпараттарды неғұрлым ертерек қабылдаса, соғұрлым жақсы. Шетелде, кейбір клиникаларда мұндай отаны сәбилерге алты айынан бастап жасайды. Ал, біз бала жастан асқаннан кейін жасауға тырысамыз. Біз аналарға мұндай отаны балағабір жастан екі жасқа дейін жасаған жөн екенін айтамыз, - деп атап өтті дәрігер.

Кохлеарлық имплант дыбысты 100% қабылдайды, өңдейді және миға сигнал жібереді. Кохлеарлық импланттың әмбебаптығы осында. Бірде-бір заманауи жоғары арналы құрылғы көмектеспей, мүлдем естімеген жағдайдың өзінде, бірақ имплант көмектесетін кезде, дыбысты естуге имплант көмектеседі.

Ұлымның сырқатымен 4 жыл бойы күресіп келемін. Ұлыма 1 жас 8 ай кезінде суық тиіп, ЖРВИ-дан кейін «есту қабілетінің 4-дәрежелі төмендеуі» диагнозы қойылды. Мен өте ризамын! Ұлым дыбыстарды еститін болады! Бізге жаңа әлем сыйлады! Дәрігерлерге алғысым шексіз, - деп ризашылығын білдірді баланың анасы Е. Шлей.

Барлық жаңалықтар