00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордада жамбас буынын емдеу тақырыбында шеберлік сағат өтті

25.02.2023 | 08:27
Елорда ақпарат
37

«Технион» Израиль технологиялық университетінің профессоры, әлемге әйгілі балалар ортопеді Марк Эйдельман отандық және шетелдік дәрігерлерге балалардың туабітті жамбас буынын хирургиялық емдеу тәсілімен бөлісті.

Жоспар бойынша қазақстандық әріптестеріме тек теория жүзінде ғана емес, тәжірибе арқылы ота жасау тәсілдерін көрсетемін. Мысалы, біз 6 маусым күні 3 баланың жамбас буынына ота жасадық. Кеше жамбас буын ауруы асқынған 5 балаға ота жүргіздік. Бүгін 4 балаға көмектесеміз, – дейді шетелдік маман.

Израильден келген дәрігер ота жасау уақыты ауруханадағы құрылғылардың сапасына байланысты екенін атап өтті. Тікелей сүйек арқылы жұмыс істегендіктен, ота жасау бөлмесінде заманауи құрал-жабдық базасы сапалы болу қажеттігін түсіндірді.

Өзге елдерге қарағанда Қазақстанда медициналық құрыл-жабдық сапасы жақсырақ. Жамбас буынана қатысты аурулар әрі қарай асқынбау үшін баланы дүниеге келгеннен кейін 2 апта немесе 2 айға дейін арнайы тексеруден өткізген абзал. Алдын ала анықталған ауру түрін емдеу оңайға түседі, – деді Марк Эйдельман.

Шетелдік дәрігердің сөзінше, Израильде жаңа туған балалардың 85 пайызы туғаннан кейін алты апталығында ултрасаунд тексерісінен өтеді. Сол себепті белгілі ортопед маманы өз елінде аталған ауру түріне қатысты жиі ота жасамайды.   

Біздің ауруханада  шетелдік дәрігер шеберлік сағатын өткізді. Осы 3 күн ішінде еліміздің түкпір-түкпірінен  келген травматолог, ортопед мамандары ауруды емдеу жолында қолданатын жаңа тәсілдерді біліп, өз білімдерін нығайтты. Ота жасау арқылы елімізде жағдайы ауыр науқастарға көмектесу шеберлік сағатының басты мақсаты болды, дейді балалар ауруханасының ортопедия және оңалту бөлімінің меңгерушісі Агабек Чикинаев.

Айта кетейік, шеберлік сағатында жүргізілген оталардың барлығы мемлекет бағдарламасы арқылы тегін жүргізілді. 2014 жылдан бері елімізде денсаулық сақтау саласын жақсарту мақсатында жылына 3 рет шетелдік дәрігерлер шақыртылады. Оларға алдын ала елімізде жағдайы ауыр науқастардың деректері жіберіліп, ота жасауға қатысты жұмыстар жүргізіледі.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Барлық жаңалықтар