00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Жапон ғалымы адам өмірін ұзартатын өнімді атады

25.02.2023 | 03:55
Елорда ақпарат
32

Дәрігердің айтуынша, 70 жастан асқан адамдар бұрынғыдай көп қозғалмайды. Себебі көп нәрсеге қызығушылығы төмендейді. Ал мотивация азайса, белсенділіктің қарқыны күн өткен сайын бәсеңдей береді. Соның салдарынан дене мен ми функциясы нашарлайды.

Дәл осы жаста физикалық белсенділікті сақтаған маңызды. Ал мотивацияны сақтау үшін ет жеу керек. Осы өнім адам ағзасындағы серотониннің бөлінуіне әсер етеді. Оны «бақыт гармоны» деп те атайды. Бір сөзбен айтсақ, еттің құрамында «триптофон» деген амин қышқылы бар. Соның арқасында серотонин бөлінеді. Демек етті неғұрлым көп жесе, «бақыт гармоны» соғұрлым жақсы бөлінеді. Адамның мотивациясы көтеріледі, белсенділігі артады. Өмірі де ұзарады, - дейді дәрігер.

Вада 70 жастан асқандар үшін өсімдік диетасы пайдалы деген тұжырымды да жоққа шығарды. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде әрбір бесінші жапондықтың ағзасында ақуыз тапшылығы бар. Ондай заттар етте көп.

Бұдан бөлек, күнделікті рационда ет болмаса, адам ағзасында холестерин деңгейі қатты төмендеп кетеді. Соның салдарынан тестостерон тапшылығы болады. Онсыз жыныстық гормондардың синтезі ғана емес, мотивация да төмендейді. Адамның зейін қою қабілеті нашарлайды. Оған қоса, тестостерон серотонинді миға жеткізу процесіне жауап береді деген болжам бар.

Егер етті ұнатпасаңыз, я болмаса, денсаулыққа байланысты жей алмасаңыз, онда өзіңізді қинамаңыз. Ал басқа бір себептер болса, оны қоя тұрыңыз, кәрілікті ойлаңыз, денсаулықты ұмытпаңыз, - деп атап өтті ғалым.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар