00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Алматылық дәрігерлер күрделі ота жасап, пациенттің екі аяғын теңестірді

24.02.2023 | 23:17
Елорда ақпарат
45

Ота нәтижесінде пациенттің сол аяғы 5 сантиметрге ұзартылып, оң аяғымен теңестірілген.

Біз эндопротездің көмегімен сол жақ жамбас сүйегін толық ауыстырып, сол жақ жамбасты анатомиялық жағынан ұзарттық, – дейді ортопедия бөлімінің меңгерушісі Қанат Тәуекелов.

Дәрігерлер науқасқа «Жамбас сүйегінің туабітті кемістігі. 3-типтегі CROWE» деген диагноз қойған. Ортопедтің айтуынша, жігіттің оң аяғы сол аяғынан 6 сантиметрге ұзын болған. Сондықтан ол бала күнінен балдаққа сүйеніп жүрген.

Жамбас буынын эндопротездеу кезінде жамбастың басы, мойны мен ұршығы толығымен жасанды протезге ауыстырылған.

Мұндай жағдайда жамбас сүйегінің остеотомиясы деп аталатын тәсіл жақсы нәтиже береді. Ол аяқтағы ақауды түзетіп қана қоймай, аяқтың қызметін де айтарлықтай қалпына келтіруге көмектеседі. Ота 2,5 сағатқа созылды, – деп атап өтті дәрігер.

Медициналық сақтандыру қызметі Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев кез келген науқасқа МӘМС пакеті арқылы осындай күрделі операцияларды жасатуға болатынын айтып отыр.

Барлық жаңалықтар