00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Су ресурстары және ирригация министрі гидрогеолог-ғалымдармен кездесті

13.09.2023 | 07:30
61
Фото: Сәтбаев университеті баспасөз қызметі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматыдағы Қ. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалыө зерттеу университетінде су шаруашылығының ардагер қызметкерлерімен және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстанды сумен қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды. Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев университеттің даму бағдарламасында су қауіпсіздігі саласындағы зерттеулер мен гидрогеология саласына қажетті кадрларды даярлау жеке бағыт ретінде көрсетілгенін атап өтті.

Мемлекет басшысының жаңадан ашылған Су ресурстары және ирригация министрлігінің жанынан Ұлттық гидрогеологиялық қызметін құру туралы шешімі Қазақстан гидрогеологиясының тағдырын шешетін өте маңызды шешім, өйткені ол жер асты суларының негізінде жңа су көздерін ашу үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Мейрам Бегентаев.

Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық қордың Қазақстандағы атқарушы дирекциясының директоры Болат Бекнияз көршілес елдер арасындағы трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша өзара түсіністікті қамтамасыз ету үшін, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей университеттері арасында тұрақты байланыс пен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату қажет деп санайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі халықаралық сарапшы Төлеген Сәрсембеков Орталық Азия елдерінің су-энергетикалық консорциумын құру жөніндегі Қазақстанның бастамасын жүзеге асыру барысы туралы айтып өтті.

«Қазгипроводхоз» серіктестігінің директоры, Анатолий Рябцев Қазақстанның қазіргі қолда бар су ресурстарын ұлғайтудың бір нұсқасы ретінде өзен ағынын бассейнаралық ауыстыру жөніндегі мәселені зерттеуді жалғастыруды ұсынды.

Кездесу соңында Сәтбаев Университетінің профессоры, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты,  Дулат Қалитов Су ресурстары және ирригация министрлігінің қайта құрылуы су шаруашылығы саласындағы қордаланған мәселелерді шешу жөніндегі кешенді көзқарастарды қамтамасыз ететінін атап өтті. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте суды ұқыпты пайдалануға бақылауды күшейтеді, Қазақстанның су қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді деген пікір айтты. 

Айта кетейік Мемлекет басшысы жаңадан құрылған министрлікке еліміздің су инфрақұрылымын толық көлемде жаңғырту, суды есепке алу мен оны бөлуді цифрландыру міндетін алға қойды. Сондай-ақ министрліктің негізгі міндетінің қатарында су ресурстарын тиімсіз тұтыну және гидротехникалық құрылғылардың қатты тозуы мәселелерін шешу, Орталық Азия елдерімен су ресурстарын басқару мәселелері бойынша өзара іс-әрекет орнату жұмыстары белгіленген.

Барлық жаңалықтар