00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Оқушылар робототехникадан халықаралық чемпионат кубогін жеңіп алды

11.03.2024 | 10:11
66
Фото: дереккөз

Робототехникадан әлем чемпионаты Кипр Республикасының Никосия қаласында өтті. Біздің елдің намысын құрамында Әділ Тұрсынғали, Арнар Дәулетқұл, Осман Ақыпбек, Алдияр Дәулетұлы, Дарын Смайл, Аббас Пахридин, Асылхан Ыбырай, Ілияс Аширалин және Шолпан Аманкелді бар Sana Team командасы қорғады. 

Үш күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар I орынға ие болып, «Winning Alliance» басты ойын жүлдесін, сондай-ақ шығармашылық ойлау арқылы инженерлік кедергілерді жою бойынша Think Award жоғары төрешілік марапатын иеленді. 

Біздің команда робот турнирде рекорд орнатты. Осы үш күнде біз әртүрлі елдердің қатысушыларымен өте құнды мәдени және кәсіби тәжірибе алмастық. Осындай мүмкіндіктер үшін біз бірінші кезекте еліміздің Президентіне, сондай-ақ Алматы қаласының Білім басқармасы мен «Алматы дарыны» орталығына алғыс айтқымыз келеді, - деді оқушылар.

Естеріңізге сала кетейік, Sana Team командасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Ustem Foundation қоғамдық қоры ұйымдастырған Daryn first Championship өңірлік чемпионаты барысында Кипрге жолдама алды.

Барлық жаңалықтар