00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

«Халықаралық журналистика» мамандығына ішкі грант конкурсы жарияланады

22.08.2023 | 11:30
122

Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен Maqsut Narikbayev University «Халықаралық журналистика» бағдарламасының ағылшын-қазақ бөліміне түсушілеріне арналған ішкі грант конкурсын жариялайды, деп хабарлады Elorda.info университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл бастама елдегі журналистиканың болашағын қолдауға және дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, биыл ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Maqsut Narikbayev University Қазақстанның бәсекеге қабілетті БАҚ дайындау саласында ынтымақтастық орнатқан болатын. Меморандум аясында осы жылы «Халықаралық журналистика мектебі» ашылатын болады. 

Халықаралық журналистика мектебінің білім беру бағдарламасында бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы тенденцияларына сәйкес журналистиканың заманауи әдістерін оқытуға ерекше мән беріледі. Тәжірибе үшін мұндай мүмкіндіктерді «Jibek Joly» телеарнасы, «ҚазАқпарат» ХАА, Деректі кино орталығының платформасы ұсынатын болады. Оқу мерзімділігі – үш жыл. 

Қатысу шарттары:
1) Сілтеме арқылы өтіп, нысандарды толтыру: https://forms.amocrm.ru/rrxtlrm
2) Поштаңыздан нұсқаулық хатын күту.

Тіркелу 22-тамыз сағат 18:00 дейін жалғасатын болады.

Барлық жаңалықтар