00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордалық оқушылар дүниежүзілік олимпиадада жеңімпаз атанды 

14.11.2023 | 06:30
45
Фото: дереккөз

Панама қаласында өткен робототехника бойынша дүниежүзілік «World Robot Olympiad» олимпиадасында қазақстандық оқушылар жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elorda.info

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, сайыста 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11-сынып оқушылары қатысқан. 

Робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды. 

Олар: 

«Future Engineers» категориясында астаналық 10-сынып оқушылары Аңсар Сауырбаев және Әмір Қарабаев 2-орын (күміс);

«Robo Mission» категориясында Астана қаласының 8-9-сынып оқушылары Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Қапаров 3-орын (қола); 

«Future Engineers» категориясында Қызылорда қаласының 11-сынып оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев 3-орын (қола).

Айта кетейік, дүниежүзілік роботтар олимпиадасы ең алғаш 2004 жылы Сингапурда 1-ші роботтар сайыс-фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.

Барлық жаңалықтар