00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Бірінші сыныпқа қай өңірлерден көп оқушы қабылданды?

01.08.2023 | 07:30
88
Фото: Сұлтан Сейіт

Елімізде 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Құжаттарды қабылдау 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілді. Осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды.

Өтініш берушілердің 70,7% мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді. Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылды. 

Айта кетейік, бірінші сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3%), Павлодар (97,6%), Шығыс Қазақстан (96,6%) облыстарында тіркелді.

Барлық жаңалықтар