00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақ студенттері Қытайдың үздік университеттерінде білім алады

30.01.2024 | 10:18
54
Фото: ашық дереккөз

Қытай – халықаралық студенттер саны ең көп (АҚШ пен Ұлыбританиядан кейінгі) елдердің бірі.

Қытай үкіметі қазақстандықтар үшін бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша 155 оқу грантын ұсынады.

Грант мына шығындарды жабуды көздейді:

тегін оқыту;

- ай сайынғы стипендия: бакалавриат – 2500 юань (161 мың теңге), магистратура – 3000 юань (193 мың теңге), докторантура – 3500 юань (225 мың теңге);

- жатақханада тұру;

- медициналық сақтандыру.

Қалған шығындарды грант иегері өтейді.

Қытайдың үздік жоғары оқу орындарының тізіміне Zhejiang University, University of Science and technology of China, Fudan University, Peking University, Tsinghua University және басқа да көптеген жоғары оқу орындары кіреді.

Аталған жоғары оқу орындары QS World University Rankings, Times Higher Education халықаралық рейтингтерінде көшбасшы орындарға ие. Сәулет, азаматтық инженерия, ақпараттық технологиялар, медицина, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардан бастап барлық бағыттар бойынша білім алуға болады.

Қытайға құжаттар қабылдау 20 ақпанға дейін (қоса алғанда) «Электрондық Үкімет» порталы арқылы жүргізіледі (Egov.kz немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» офисінде офлайн (Астана қ., Сығанақ көшесі, 70). Қытайға конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлер 20 ақпанға дейін Қытай стипендиялық кеңесінің сайтында онлайн-тіркеуден өтуі тиіс.

Толық ақпаратты және құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулықпен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында танысуға болады.

Барлық жаңалықтар