Былтыр түлектердің 67 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды – министрлік
![](/img/articles/uploads/63d0edd7a8321579359802_4f7815a0c2.jpg)
Бұл туралы ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен брифингте жоғары оқу орындары білім беру бағдарламалары рейтингісінің қорытындысы туралы баяндады, деп хабарлады Elorda.info.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының сапасы мен өзектілігі бойынша жұмыс берушілердің қанағаттануы 67% құраған. Жұмыс берушілер тарапынан қанағаттанудың өсуі байқалды. Үш жылдағы динамика өсімі 15% құрады.
Бұл жақсы нәтиже. Білім беру бағдарламаларының 82%-ы жұмыс берушілермен келісілген және практикалық тәжірибесі бар мамандар оқу процесіне тартылды. Ол үшін министрлік қажетті жағдайлар жасап, тиісті нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізді. Бүгінгі таңда жекелеген білім беру бағдарламаларына тартылған практик-мамандардың үлесі 71%-ға жетті. Білім беру бағдарламаларының 91%-ы танылған аккредиттеу агенттіктерінде аккредиттеуден өтті, бұл да олардың сапасының жақсарғанын растайды, – деді Г.Көбенова.
Жұмысқа орналастыру мәселесіне тоқталған ол 2022 жылы түлектердің 67%-ы тұрақты жұмыспен қамтылғанын атап өтті. Түлектердің жұмысқа орналасуының орташа пайызы 79% құрады. Ал жұмыс іздеудің орташа ұзақтығы – 97 күн, яғни 3 айға дейін. Сұранысқа ие білім беру бағдарламалары бойынша тіпті бір ай ішінде жұмысқа орналасады.
Шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестікке келсек, білім беру бағдарламаларының 3,2%-ы бойынша қос дипломды бағдарламалар, ал 1,6%-ы бойынша шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен бірлескен бағдарламалар ұсынылды. Оның ішінде техникалық, педагогикалық, гуманитарлық және т.б. бағыттар бойынша. Сонымен қатар студенттерді сыртқы академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелдік жоғары оқу орындарында оқыту, яғни бір семестр немесе триместр ішінде оқыту мүмкіндіктері кеңейді. Конкурсқа қатысқан түлектердің 44%-ы шетелде оқудан өтті. Ал түлектердің 11%-ы магистратурада оқуын жалғастырды, – деді ол.
Сонымен қатар білім беруді цифрландыру көрсеткіштері бойынша айтарлықтай жақсартулар байқалады, қашықтан оқытуды қамтамасыз ету бойынша тұтас экожүйе қалыптастырылды. Жоғары оқу орындарының 90%-ы электрондық кітапханалармен, 95% – антиплагиатқа қарсы жүйемен, 98% – прокторинг жүйесімен қамтылған.
![](/img/articles/d224f27c1bd466b4f4708cba9de57925.jpg)
![](/img/articles/8deba38a92899bcb7b4ed94940f9e468.jpg)
![](/img/articles/3db68035f3401071b12baa3aa2906c19.webp)
![](/img/articles/7361774471a524693d248c3c8f57d6f6.jpg)
![Астана әкімдігі 1 200-ге жуық білім грантын бөлді](/img/articles/d224f27c1bd466b4f4708cba9de57925.jpg)
![Павлодар облысында балалардың шығармашылығын дамытуға арналған 3 орталық ашылады](/img/articles/8deba38a92899bcb7b4ed94940f9e468.jpg)
![Ақмола облысында тағы бір мектеп бітіруші ҰБТ-дан 140 балл алды](/img/articles/3db68035f3401071b12baa3aa2906c19.webp)
![Оқушылардың оқу және демалыс уақыты белгіленді](/img/articles/7361774471a524693d248c3c8f57d6f6.jpg)
![Шығармашылық сала мамандарын даярлауға 1 600-ден астам білім гранты бөлінді](/img/articles/ea0e608fa8febe0e66639828a5437231.jpg)
![Баланы мектепке дайындайтын бағдарлама әзірленді](/img/articles/949c73fe29bb52e55b7011e05051d8f6.jpg)
![40 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысу үшін құжаттарын тапсырды](/img/articles/6daf879128c3edfd99d47c17f7bf1868.jpeg)
![Колледж студенттері жеке стартап жобаларын бастады](/img/articles/86075974b38ae981f7ade98a08a800c1.jpg)
![ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек қайда білім алатынын айтты](/img/articles/d6a0d7980ec46b0d9d48a31c2ad9f096.webp)
![Балаларға арналған инфрақұрылым қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек – Бектенов](/img/articles/d600c6bddd70236e5c759c94a710b80d.jpg)
![5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады](/img/articles/uploads/636cce6ba8360010528550_0ae21b35f9.jpg)
![Педагогтердің аттестациядан өту тәртібінде қандай өзгерістер бар](/img/articles/uploads/630ee3883b61a087127107_45c9bab3f0.jpg)
![Елімізде ағылшын тілін үйрену нешінші сыныптан басталады](/img/articles/uploads/62f22343405aa087105560_3732954a31.jpeg)
![Ақиық ақын атын арқалаған білім ордасы](/img/articles/uploads/63e4811c2fb71250656640_ebea37f274.jpg)
![Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды](/img/articles/e653eb7b9da3dc4629d0f4b0016f2bbd.jpeg)
![Жыл соңына дейін ұлттық жасанды интеллект платформасы әзірленеді](/img/articles/uploads/int_3e45d47d3c.jpg)
![ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі жарияланды](/img/articles/uploads/kesteshka_30f3eb360c.webp)
![Еліміздің үздік мұғалімдері миллион долларға бақ сынасады](/img/articles/3a908d1fa048faf404b5a7582c153206.jpg)
![Елордада «BIG THINK» жастар форумы өтті](/img/articles/uploads/fm_53045e9a47.jpg)
![ҰБТ-2024: Түлектер қай пәндерді көп таңдайды?](/img/articles/uploads/1200xauto_H_Fc36jau_Nl_Nm_Bcs_M_Pls_Dkf_Lo_VU_4_Ouo_ZQ_8b3_W36_G6_2239bc7b6d.jpg)