00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Әуе қорғанысы күштерінің сержанттары курстық дайындықтан өтіп жатыр

25.02.2023 | 12:02
Айман Нығмет
74

Курстық даярлық Әуе қорғанысы күштерінің кіші мамандарын даярлайтын бірегей оқу-жаттығу орталығында ұйымдастырылып отыр. Бұл жерде келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді инженерлік-авиациялық қызмет, ұшуды қамтамасыз ету құралдарын пайдалану және жөндеу, байланыс және радиотехника мамандықтарына оқытады. 

Оқу процесі Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің кіші мамандарын даярлайтын екі мектепте 15 мамандық бойынша өткізіледі. Оқу ұзақтығы бір жарым ай, – дейді  қызмет бастығы – оқу-әдістемелік бөлімнің оқытушысы подполковник Самғат Күшқалиев.   

Оқу-жаттығу орталығында жаттықтыру кешендері, зертханалық-оқу сыныптары, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің ұшу аппараттары мен техникаларының модельдері бар. Мамандығы бойынша практикалық дағдыларды пысықтауға мүмкіндік беретін тиісті материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Барлық жаңалықтар