00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада робототехникадан республикалық чемпионат өтеді

25.02.2023 | 09:45
Елорда ақпарат
35

WRO-2022 чемпионаты «Менің роботым – менің досым» атауымен роботтарға арналады.

Олимпиада төрт санат бойынша өткізіледі: Future Engineers, Robomission (жас ерекшеліктері бойынша үш топ), Future Innovators (жас ерекшеліктері бойынша үш топ), RoboSports.

Өңірлік жарыстардың нәтижелері бойынша аймақтан ұлттық чемпионатқа 109 команда жолдама жеңіп алды, олардың жартысынан көбі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жас таланттары.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған және RoboMission, Future Innovators, Future Engineers санаттары бойынша бірінші орын алған командалар 17-19 қарашада Германияның Дортмунд қаласында өтетін WRO-2022 халықаралық кезеңіне қатысады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2014 жылдан бастап World Robot Olympiad-тың Қазақстандағы ұлттық үйлестіруші ретінде қызмет атқарады.

Басталуы: 29 маусым, сағат 12.00-де

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Хусейн бен Талал көшесі, 21.

Барлық жаңалықтар