00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ертең «Тіл-Қазына» оқулары басталады

25.02.2023 | 07:37
Елорда ақпарат
44

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты көпшілікке білім, тіл, әдебиет, мәдениет, бойынша қазақша ақпарат беру арқылы ұлттың рухани сұранысына жауап беру болып табылады.

Түрлі тақырыптарды қамтитын бұл оқулар арқылы, бірінші кезекте, қызығушылығы бар тыңдармандардың филологиялық білімін жетілдіру жүзеге асырылады, – дейді олар. – Білікті ғалым Ербол Тілешов «Ахмет Байтұрсынұлы және әдебиеттану әдіснамасы» туралы тереңнен қозғаса, орталықтың ғалым хатшысы Нұрлыхан Нұроллақызы «Мәтінге синергетикалық, лингвокогнитивтік талдау үлгілері» деген тақырыпта 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырып, әдемі ой тербемекші.

Келесі баяндамашы орталықтың жетекші ғылыми қызметкері,  ф.ғ.к. Сая Итеғұлова дәрісінің «Мәтінге жалпы филологиялық талдау қалай жасалады?» деген тақырыбының өзі оқырманын қызықтырып, қолынан жетелеп ала жөнелетіндей.

 

Барлық жаңалықтар