00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Түзеу мекемелеріндегі азаптау фактілері азайған

15.08.2023 | 07:00
58

Еліміздегі колонияларда азаптау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу саны қысқарды, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл ҚАЖ мекемелерінде азаптау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің саны 41-ден 7-ге дейін, сотталғандардың шағымдары 48-ден 19-ға дейін қысқарған.

Комитеттің хабарлауынша, соңғы жылдары оң динамика байқалып отыр. 2019 жылы бұл көрсеткіш сотқа дейінгі 200 тіркелген тергеуді құрады. 

Пенитенциарлық мекемелерде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралардың нәтижесінде біз ҚАЖ қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы әрекеттерді жоюда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік, – деді ведомство өкілдері.

Жағдайды түбегейлі өзгерткен маңызды жаңалықтардың бірі үздіксіз бейнебақылауды енгізу болды. Бүгінгі таңда 78 пенитенциарлық мекеменің 52-сінде 22 мыңнан астам бейнекамера орнатылған.

Мониторинг барысында операторлар арнайы контингент жасаған 8 мыңнан астам бұзушылықты анықтады. Сонымен қатар сотталғандар жасаған қылмыстар саны да 16%-ға төмендеді.

Барлық жаңалықтар