00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Әнші Нұрболат Абдуллин жаңа жасын ерекше атап өтті

04.04.2024 | 11:03
Елорда ақпарат
90
Әнші Нұрболат Абдуллин жаңа жасын ерекше атап өтті
Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Нұрболат Абдуллин 38 жасын жақындарына ауызашар беріп, артынан туған күнін тойлады, деп хабарлады Elorda.info.

Эстрада жұлдызы өнердегі ет-жақындарының басын қосып, үлкен ауызашар берген.

Әншінің шақыртуын қабыл алып, оның жайған дастарханынан дәм татқан жұлдыздар арасында Төреғали Төреәлі, Әбдіжаппар Әлқожа, Нұржан Аташ, Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Сара Амангелді бар.

Кеш қонақтары ауыз ашып болған соң Нұрболат Абдуллинді жаңа жасымен құттықтап, ақ тілегін айтуға көшті. Одан кейін өнер иесінің жұлдызды достары ән салып, көпшіліктің көңілін көтерді.

Туған күн кешінің соңында ортаға Нұрболат Абдуллиннің мүсіні бар үлкен торт алып шықты.

Сондай-ақ әнші қалың көкпшілікке жан досы Төреғали Төреәлінің берген сыйлығын көрсетті. «Ұлы дала баласы» туған күн иесіне соңғы үлгідегі Iphone телефонын тарту еткен.

Барлық жаңалықтар