00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Медеу Арынбаев пен Қыдырәлі Болман не үшін төбелесті?

26.12.2023 | 10:00
66
Фото: дереккөзден

Қарақат Әбілдина «АБК» тобының мүшелері Медеу Арынбаев пен Қыдырәлі Болманның жаға жыртысқаны туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Әншінің айтуынша оқиға Семейге бара жатқан жолда болған. АБК тобы мен Қарақат Әбілдина жеңіл көлікпен гастрольдік сапарға шығады. Жолда Медеу Арынбаев Қыдырәліге ақыл айтпақ болып, сөз бастаған. Алайда бұл оған ұнамай, ақыры екеуі бір-бірінің жағасына жармасқан. 

«Қыдырәлі, сен Қарақатты сыйла, сыйламайтын сияқтысың» деп айтты. Ол да, мен де екі ортада ақталып, әбігерге түстік. «Мені ренжіткен емес бұл кісі» деп жатырмын. Сол жерде Қыдекеңе біраз ақыл айтты. Бір кезде сөзден сөз шығып, төбелесуге себеп табыла кетті. Екеуі машинадан секіріп түсіп, жаға ұстасып, жұлыса кетті. Ерлан екеуімізді машинадан шығармай қойды. Төбелес көріп, ішінде отырмыз. Екеуі әбден төбелесті. Тұрған жеріміз – елсіз дала, ұзын жолдың бойы, тас қараңғы. Арасында екеуі демалып алады да, қайтадан төбелесті жалғастырады. Бір кезде төбелес аяқталды, Екеуінің іші пысқаннан істеп жүрген тірлігі болатын», – деді Қарақат Әбілдина. 

Барлық жаңалықтар