00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

«Махаббаттың алауы мәңгі тұрмайды»: Жазира Байырбекова аруларға үндеу жасады  

12.04.2024 | 16:09
126
«Махаббаттың алауы мәңгі тұрмайды»: Жазира Байырбекова аруларға үндеу жасады  
Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Жазира Байырбекова тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес айтып, жар таңдауда қателеспеуге үндеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жазира Байырбекова бүгінде қазақ қыздарының болашағына алаңдаулы екенін жеткізіп, оларға әпкелік кеңесін берді. Әнші мейірімсіз адаммен қарым-қатынас құрмауға шақырды.

Қыздар, сізді қатты сүйіп тұрса да, мейірімсіз адамға тұрмысқа шықпаңыздаршы. Құштарлық, махаббаттың алауы мәңгі тұрмайды. Мейірімсіз адам ғашықтық отымен ғана мейірімді бола алады. Ал ол сезім басылған кезде қатыгездігін көрсетпей тұрмайды. Басқа біреуге ғашық болғанда сізді адам құрлы көрмей қалады. Ал мейірімді адам сізді қатты сүймесе де, басқа адамға көңілі ауса да сіздің көңіліңізге кірбің салмайды, сізге жамандық жасамайды. Сізді құрметтейді деп ойлаймын. Ойыммен келісесіздер ме?, - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, ер-азаматтың бойында кездесетін жаман және жақсы қасиеттерді талдады. 

«Абьюзерлер білесіздер ме, осылай мейірімді, сөзтапқыш, адам ішіне кіргіш», «Ойыңыз өте дұрыс», «Еркек бір рет ұрды ма, дереу кету керек», «Еркекке сенгенше, екі босағаңа сен», «Сені сүйген адам ғана бақытты ете алады», «Ақылыңызды кеш түсіндім. Күйеуімнен көңілім қалды», «Отбасыға қоғам да әсер етеді», – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Барлық жаңалықтар