00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Әйелдер мен ерлердің жалақысында айырмашылық бар ма?

04.09.2023 | 14:00
55
Фото: egemen.kz

Қазақстанда ер адамдар әйелдерден көп айлық алады. Жалақы айырмашылығы – 33,7%, деп хабарлады Elorda.info Finprom сайтына сілтеме жасап.

2022 жылы ерлер орта есеппен 355,3 мың теңге, әйелдер 265,8 мың теңге алған.

Ал басқа аймақтарда ерлердің орташа жалақысы:

Атырау (631,8 мың теңге);

Маңғыстау (590,6 мың теңге);

Ұлытау (489,1 мың теңге) облысы.

Бұл аймақтарда ер мен әйел арасындағы жалақысы бойынша өте үлкен айырмашылық байқалды.

"Маңғыстау облысында ерлердің айлығы әйелдердің жалақысынан екі есе, Атырауда 85,9%-ға, Ұлытауда 68%-ға артық", – деді сарапшылар.

Жетісу облысы – әйелдердің айлығы ерлердікінен көп жалғыз өңір.

Жамбыл, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалақыдағы айырмашылық аз.

Мына өңірлерде әйелдердің орташа айлығы жоғары:

Астана 365,1 мың тг;

Атырау облысы (339,8 мың теңге);

Алматы (320,1 мың теңге).

Сарапшылардың айтуынша, тек білім беру саласындағы әйелдердің орташа айлық жалақысы ерлердікінен 4,8%-ға артық. Әйелдердікі 251,4 мың теңге болса, ерлердікі – 239,8 мың тг.

"Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (535,8 мың теңге), қаржы және сақтандыру қызметі (460,2 мың теңге), Ақпарат және байланыс (403 мың теңге) салаларында әйелдер көп жалақы алады", – делінген зерттеуде.

Барлық жаңалықтар