00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жыл басынан бері іздеуде жүрген 600-ден астам күдікті ұсталды

08.04.2024 | 10:06
Елорда ақпарат
88
ІІМ
фото: polisia.kz

Жыл басынан бері Криминалдық полиция іздеуде жүрген 633 адамды ұстады. Олардың  17-сі кісі өлтірген, 15-і тонау, 9 -ы қарақшылық, 7-уі бопсалаушы және 35-і есірткі қылмысына қатысты іздеуде жүрген,  деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыскерлерді іздеу тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де жүргізіледі. Оларды ұстауға Интерпол көмектеседі. Биыл қаңтарда Анкара қаласында Түркияның Ішкі істер министрлігімен және Интерпол Бас хатшылығымен кездесу өткіздік. Қазіргі уақытта әр түрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеудегі 12 адам Түркияда ұсталды, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Оның айтуынша жалпы Қазақстан аумағынан тыс жерде 38 адам ұсталған Оның ішінде Түркия, Испания, АҚШ, Швеция, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері және Польша сияқты алыс шет елдерде 19 адам қолға түсті. Ресей, Қырғызстан, Грузия және Өзбекстанда да – 19 күдікті ұсталды. Шетелдік әріптестер үшін Қазақстан полициясы ел аумағында 150 қылмыскерді ұстап берді. Атап айтқанда, Ресей Федерациясына – 92, Өзбекстанға – 30, Қырғызстанға– 16, Тәжікстанға – 8, Арменияға – 3 және Әзірбайжанға – 1 күдікті.

Іздеуде жүргендердің бірі Дубайда ұсталып, елге әкелінді. Ол 2010 жылы банктің 300 миллионға жуық ақшасын иемденіп кеткен. Сонымен қатар 2016-2019 жылдары Астанада бір компанияның бухгалтері болып жұмыс істеп, 400 миллион теңге жымқырған азамат Польшада ұсталды, – деді ІІМ-нің өкілі Қ. Нұрмағамбетов.

Одан бөлек, жыл басынан бері республиканың криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 259 адамның орналасқан жерін анықтады.

Барлық жаңалықтар