00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елімізде зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы бөлімше құрылады

08.01.2024 | 13:00
62
фото: polisa.kz

Ішкі істер министрлігінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған дербес бөлімше құрылады, деп хабарлады Elorda.info Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

2023 жылғы 8 желтоқсанда мелекет басшысының жарлығымен (№409) бекітілген Адам құқығы және заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарына сәйкес Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиевамен және мәжіліс депутаттарымен бірлесіп, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, отбасылық құндылықтарды ілгерілету жөніндегі шараларды күшейту жөнінде заңнамалық түзетулер әзірленді, – деді IІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.

Аға инспектордың мәліметінше, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргенді және ұрып-соғуды қылмыстық жауапкершілікке тарту жоспарланып отыр.

Құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптар шеңберінде сотқа "агрессорды" тұрғын үйден уақытша шығару құқығы беріледі. Сонымен қатар оған әлеуметтік бейімделу орталықтарында өз іс-әрекеттерін уақытша қарастыру ұсынылады. Сот "агрессордың" денсаулық сақтау ұйымдарында міндетті психокоррекциялық курстардан өтуін тағайындауға құқылы болады. Осыған ұқсас ерекше талаптар Қылмыстық кодекс шеңберінде де белгіленеді, – деді Ақмарал Серікбаева ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

ІІМ өкілі енді отбасындағы зорлық-зомбылық істерін арнайы полиция тергейтінін жеткізді.

Ішкі істер министрлігінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған дербес бөлімше құрылады. Ол бөлімшелер тек осы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреспен айналысады, – деді аға инспектор.

Барлық жаңалықтар