00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елімізде 5 сәуірден бастап балық аулауға тыйым салынады

04.04.2023 | 04:09
46
Фото: ашық дереккөзден

5 сәуір мен 5 маусым аралығында балық аулауға тыйым салынады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі балық және басқа да су жануарларының биоалуандығын сақтау үшін ел аумағында 5 сәуір мен 5 маусым аралығында «уылдырық шашу» акциясын өткізеді. Ведомство әр өңірдегі ерекшеліктерді ескере отырып балық аулауға тыйым салу мерзімін енгізді, - деді ол.

Шұғыла Тұрлыбек аталмыш акция талаптарын бұзғандарға қандай шара қолданылатынын да айтты.

Осы тыйымды бұзғаны үшін заңнамада әкімшілік кодекстің 383-бабы бойынша 10 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру (Қылмыстық кодекстің 335-бабы бойынша) түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген, - деді ІІМ өкілі.

Барлық жаңалықтар