00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Биыл 23 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды

07.12.2023 | 06:00
59
Фото: ашық дереккөз

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23,2 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғады, деп хабарлады Elorda.info.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 961 кәсіпорны 25 мың жұмысшыға 6,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 261 нұсқама беріліп, 174,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 23,2 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 5,6 млрд теңге төленді, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.

Барлық жаңалықтар