00:00
Астана -10oC
USD:
478.58
EUR:
520.84
RUB:
5.44
Іздеу

Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды

01.07.2024 | 16:37
Торғын Аман
258
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды
фото: ашық дереккөзден

 Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы алу үшін, жыл сайын өтетін конкурсқа өтінім қабылдау басталды, деп хабарлады Elorda.info Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Сыйлық 16 әлеуметтік маңызды бағыт бойынша беріледі, ал бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК құрайды.

Айта кетейік, соңғы 7 жылда 420 ҮЕҰ қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлесін қосып, осы беделді марапатқа ие болды.

Қоғам өміріне белсенді араласатын, өз саласында  көшбасшы атанған, әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қосуға ниетті және инновациялық идеяларды іске асыра алатын ұйымдар конкурсқа қатысуға өтінім бере алады. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 18:30-да аяқталады.

Барлық жаңалықтар