00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді

Елімізде 6 мыңға жуық БАҚ жұмыс істейді
фото: Elorda.info.

Мәдениет және ақпарат министрлігі бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекемен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін – күн сайын талмай ақпарат таратып, маңызды мәселелер көтеріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын және қоғамның дамуына зор үлес қосып жүрген жандардың еңбегін ерекше атап өтетін күн. Журналистика жай ғана кәсіп емес, қастерлі міндет әрі үлкен жауапкершілік. Сіздерге жүктелген міндет кәсіби біліктілікті, объективтілікті, адалдық пен батылдықты қажет етеді. Қаншама қиындықтар мен сын-сынақтарға қарамастан, өз міндеттерін абыроймен атқарып, әділдік пен шындықтың жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан барша БАҚ өкілдері қашанда жоғары құрметке лайық, - деп жазылған құттықтау мәтінде.

Бүгінде елімізде жалпы баспа басылымдары, телеарналар, радио және интернет-ресурстарды қосқанда 5 855 БАҚ тіркелген.

Сіздердің жемісті жұмыстарыңыз еліміздің ақпараттық кеңістігін нығайтуға және ашық әрі әділ қоғам құруға ықпал етеді. Журналист – бұқара мен биліктің арасын жалғайтын алтын көпір. Осы орайда ел мүддесі үшін қажырлы қызмет атқарып жүрген барша БАҚ өкілдеріне ерекше алғыс білдіреміз, - деді министрліктен.

Барлық жаңалықтар