00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Іздеу

Астанада өзін ХҚКО қызметкерімін деп таныстырған ер адам сотталып кетті

06.04.2023 | 16:20
129
Фото: gov.kz

Астанада алаяқтық жасап, шенеунікке пара берді деген күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Сот сотталушы өзін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушілерден түрлі қызметтері үшін пара сұрағанын мәлімдеді.

Мәселен, жәбірленушілердің бірі әкімдік қызметкерлері арқылы жер телімін алу үшін одан 400 000 теңге сұрағанын айтқан. Алаяқ кепілге 80 000 теңге алған.

Сондай-ақ ол жәбірленушіні құжаттарды алғаннан кейін шенеуніктен қалған 320 мың теңгені пара беруге итермелеген. 

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама, ақшалай қаражатты алу және тапсыру хаттамасы, арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде жүргізілген сөйлесулердің жазбалары, WhatsApp желісіндегі хаттар арқылы дәлелденді, - деп хабарлады сот.

Сот оны кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Барлық жаңалықтар