00:00
Астана -10oC
USD:
450.79
EUR:
482.21
RUB:
5.05
Іздеу

Асқар Забикулин атындағы кадет сыныбы ашылды

Асқар Забикулин атындағы кадет сыныбы ашылды
фото: Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қызылорда облысының білім басқармасының келісімі бойынша  Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері білім бөліміне қарасты №101 мектептің оқу ғимаратында Асқар Забикулин атындағы кадет сыныбын ашты, деп хабарлады Elorda.info.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кадет сыныбының оқушыларына құтқарушылардың үлгісі бойынша арнайы нысанды киім және  әскери парадқа киетін нысанды киім әзірленіп, тігілді. Сынып кабинеті арнайы стендтермен, өрт сөндіру-құтқару құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді. 

Асқар Забикулин атындағы кадет сыныбын құрудың мақсаты  - табиғи және техногендік сипаттағы түрлі төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі дұрыс шешім қабылдау білімін, дағдыларын дамыту, өрт қауіпсіздігі саласындағы алдын алу, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету, жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу болып табылады. 

Барлық жаңалықтар