00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алматы зообағы жер сілкінісі кезіндегі жануарлардың әрекетін көрсетті

25.01.2024 | 02:45
85
Фото: дереккөз

«Түнгі уақытта зообақта күзет қызметкерлері мен кезекші ветеринарлардан басқа ешкім болмайды. Қызметкерлеріміздің айтуынша жер сілкінісіне дейін жануарлардың ешқандай ерекше іс-қимылдары байқалмаған. Жер сілкінгеннен кейін қасқырлар ұлып, тырна, бүркіт, қаз, үйрек сияқты құстар шулай бастаған», - деді зообақ әкімшілігі.

Зообақ өкілдерінің айтуынша, таңертең қызметкерлер зообақтағы жағдайды тексеріп, барлық қоршауларды бақылап шықты. Сол кезде жер дүмпуінен қорқып, бір -бірінін құшақтап, бұрышта тығылып отырған Паша мен Лола деген шимпанзе жұбын көреді.

Өткен ғасырдың 80-90 жылдары ҚазССР Ғылым академиясының Сейсмология институты мамандарының жетекшілігімен Алматы хайуанаттар бағының Ғылыми кеңесі жер сілкінісін болжауға қатысты зообақ жануарлары арасында арнайы зерттеулер жүргізген. Мамандар жануарлардың жер сілкінісі алдында және одан кейінгі іс-әрекеттерін, мінез-құлықтарындағы өзгерістерді зерттепті. 

Сол кезеңдерде қалада адамдарға сезілген 15 жер сілкінісі болған екен. 6 түрлі жануар жер сілкінісі алдында әдеттен тыс іс-қимылдар жасаған. Көп жағдайда жер сілкінісін алды ала жыландар сезіп, белсенді қимылдағаны байқалған.

Барлық жаңалықтар