00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Қадір түнін қалай өткізу керек – ҚМДБ жауабы

17.04.2023 | 13:00
45
фото: Қазақ үні

Қадір түні – мұсылмандар үшін маңызды әрі қасиетті кезеңдердің бірі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Қадір түнін сәуірдің 17-сінен 18-іне қараған түніне белгіледі, деп хабарлады Elorda.info.

Құранда Қадір түнінің нақты уақыты айтылмайды, әл-Бұхари хадисінде Рамазан айының соңғы 10 күніндегі тақ түндердің бірі екені айтылған. Көпшілігі мұны Оразаның 27-ші түні деп санайды.

Қадір түнінде құлшылықтарды көбейтуге мән беру қажет. Біріншіден, тарауық намазын оқу керек. Себебі бұл түнді барынша құлшылықпен өткізудің сауабы мол. Екіншіден, Құранды көбірек оқу қажет. Өйткені бұл түні Құран түсіріле бастаған. Үшіншіден, дұға жасап, тілек тілеп, Алладан жарылқау сұрау керек. Себебі Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Айша анамызға (Алла оған разы болсын) кешірім сұрау дұғасын үйретіп, соны жасауды бұйырған, - деп жазылған ҚМДБ сайтында.

Қадір түнінің бірнеше белгісі бар. Ғұламалардың айтуынша, Қадір түнінің белгілері екі топқа бөлінеді. Біріншісі, уақытында (яғни сол түні) білінетін белгілер. Оған сол түннің ашық, ай сәулесінің жарық болуы; жүректің тыныштығы, уайым-қайғыға берілмей тыныштықты сезінуі; адамға жағымды самал желдің есуі; суық та, ыстық та емес қолайлы ауа райының болуы жатады. Екіншісі – таң атқанда білінетін белгі. Бұған күннің сәулесіз қызарып шығуы жатады.

Айта кетейік, биылғы Рамазан айы 23 наурызда басталды. 21 сәуірде мұсылмандар Ораза айт мерекесін атап өтеді. 

Барлық жаңалықтар