00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ақтауда медорталықтың 33 қызметкерлеріне 8 ай бойы жалақы төленбеген

24.01.2024 | 06:15
58
Фото: дереккөзден

Облыс прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде медициналық орталықтың 7 млн жалақы берешегі бар екені анықталған. Өткен жылы мекеме әкімшілігі  33 жұмысшыға 8 ай бойы жалақы төлемегені белгілі болды.  

«Атқарушылық құжатты уақытылы орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігі бойынша медициналық орталық директорына 103 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Прокуратура еңбек қатынастары шеңберіндегі міндеттемелерді орындамаудың құқықтық салдары туралы ескертеді», - деді Маңғыстау облысының прокуратурасы.

Прокурорлардың араласуымен медициналық орталықтың жұмысшыларының еңбекақы берешегі өтелді.

Барлық жаңалықтар