00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Айсәуле Бақытбек митингке шықты

01.04.2023 | 00:06
Елорда ақпарат
77

Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек Алматыдағы Ганди саябағында өткен «Әйелдер автономиясы үшін: сексуалды зорлық-зомбылыққа қарсы» феминистік митингке қатысқан, деп жазады Elorda.info.

Айсәуле «Қызыңды қорға, ұлыңды тәрбиеле» деген плакат ұстап шыққан суретін Instagram-парақшасында жариялады. Оның бұл әрекетін бірі қолдаса, енді бірі қарсы шықты.

«Өте дұрыс, баланы кішкентайынан тәрбиелесе қыз баласын қорламас еді», «Қыздарға ханшайымдай қарау үшін ұлдарды тәрбиелеу керек», «Қолдаймын», «Дұрыс, біреудің әлпештеп баққан баласын ешкімнің басынуға хақысы жоқ», «Қызды да, ұлды да тәрбиелеу керек», «Қыздың бәрі ибалы, ұлдың бәрі тентек емес», – деп пікір қалдырды әлеуметтік желі қолданушылары.

Еске салсақ, 8 наурызда Алматыда зорлық-зомбылыққа қарсы феминистік митинг өткен болатын.

Барлық жаңалықтар