00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Назарбаев Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге 500 000 доллар аударды

31.03.2023 | 23:02
Елорда ақпарат
46

Кәсіпкер Нұрбол Назарбаев Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек ретінде «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының атынан 500 000 доллар аударды. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи мен қор басшысының өзара кездесуінен кейін белгілі  болды, деп хабарлады Elorda.info.

Тараптар жер сілкінісінен кейінгі жағдайда «Салиқалы ұрпақ» қоры басқа да қандай көмек көрсете алатыны жөнінде кеңесті.

Қиын кезеңге тап болған бауырлас Түркия халқына «Салиқалы ұрпақ»  қоғамдық қоры қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Біз жер сілкінісінен зардап шеккендерге 500 000 доллар аудардық. Қаражат алғашқы керек-жарақ заттар мен дәрі-дәрмек сатып алуға және өзге де қажеттіліктер үшін жіберілді. Бауырларымыз бен әпке-қарындастарымыз бастарына түскен қиыншылықты көп ұзамай еңсерсін деп тілейміз! – деді қор директоры Қасым Қасабеков.

Барлық жаңалықтар