00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Еліміздегі 1 500 әскери міндеттілер оқу-жаттығу жиындарына шақырылады

31.03.2023 | 22:28
Елорда ақпарат
50

Қорғаныс министрлігі «2023 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығын әзірледі, деп хабарлады Elorda.info.

Даярлау, қайта даярлау және білімін жетілдіру, сондай-ақ қажетті жауынгерлік даярлық деңгей мен өздерінің міндеттері бойынша іс жүзіндегі машықтарды қолдау үшін шамамен 1 500 әскери міндеттіні шақыру жоспарланып отыр, – делінген министрлік хабарламасында.

Әскери жиындар 2007 жылдан бері жыл сайын өткізіліп тұрады. Жалпы жиын 30 күнге созылады.

Бұйрық жобасының мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 13 ақпанына дейін мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Барлық жаңалықтар