00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елімізде жатақхана құрылысының қарқыны төмендеді

31.03.2023 | 22:14
Айман Нығмет
51

Былтырғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша республика бойынша 43 жатақхана пайдалануға берілді, деп хабарлады Elorda.info finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, салынған ғимараттардың жалпы ауданы 65%-ға азайып, 72,9 мың шаршы метрді құрады. Жатақханалардың пайдалы алаңы 148,9 мыңнан 58,9 мың шаршы метрге дейін қысқарды. Жаңа ғимараттардың құрылыс көлемі де төмендеген (763,4 мыңнан 234,7 мың текше метрге дейін).

Құрылыстың нақты құны 11 млрд теңгені құрап, осылайша құндық мәнде бір жылда 79,5%-ға дейін қысқарды.

43 жатақхананың 25-і ауылдық жерлерде пайдалануға берілді. Олардың жалпы ауданы – 19,5 мың шаршы метр.

Республика бойынша пайдалануға берілген жатақханалардың негізгі бөлігі Астанаға тиесілі (15,7 мың шаршы метр). Одан кейінгі орындарда Шымкент (12,4 мың шаршы метр) және Павлодар облысы (9,4 мың шаршы метр) орналасқан.

2021 жылы білім беру ұйымдарының жатақханаларында тұрғаны үшін түскен қаржы 4,3 млрд теңге болды (+58,1%). Ең көп түсім Алматыда тіркелді(1,9 млрд теңге). Бестіктер қатарында Астана (524,2 млн тг), Қарағанды (464,2 млн тг), Қостанай (196,2 млн тг) және Ақтөбе (188,1 млн тг) облыстары бар. Өңірлер арасында ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында байқалып отыр (11,8 млн теңге).

Барлық жаңалықтар